Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

п, сыни тұрғысынан ойлау модулі бойынша "Венн диаграммасын" қолдандым. Оқушыларға "Дара және күрделі сан есімдерге" ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын айтып оларды салыстыра білді. Оқушылар топ болып ынтымақтаса жұмыс істеді. Бұрын көп сөйлемейтін Мадияр өз ойын білдіріп, топтың атынан пікірін білдіріп қорғап шықты.
Интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды жеңілдікпен орындап белсенділік танытты. Бұдан кейін INSERT үлестірмесін таратып оқушыларды іс-әрекетте жұмыс жасауына ықпал еттім. Ол бойынша оқушыларға оқу, тақырыппен танысу барысында V -"білемін", - "мен үшін түсініксіз", -"мен үшін жаңа ақпарат", ? - "мені таңқалдырады" белгілерін қойып отыруды алдын-ала тапсырдым. Бұл топтардың оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал болды. INSERT тәсілі арқылы осы тақырыпта өздігінен зерттеп келген Шынар өз білгенін ортаға салды. Маған оқушылардың өздері оқып, түсінгендерін берген жауаптарынан білдім. Содан кейін, INSERT кестесін қайта толтырғанда білмейтінінен білетіндері баршылық екенін анықтап, нәтиженің көрінгеніне іштей риза болдым. Постермен жұмыс істеу барысында да топта көшбасшы рөліндегі оқушылар, орташа оқитын оқушыларға жәрдемдесіп, нәтижесінде сыныптарынан қолдау алған Ақзия, Жандарбек, Ақыл, Шынар атты оқушылар өз ойларын ашып айтып қана қоймай, өз топтарының атынан сөйлеп топ намысын қорғап шықты. Сабаққа сыныптағы 24 оқушы түгел дерлік қатысып,өздерінің білігі мен білімдерін өз түсінік дәрежесінде көрсетті. Сондықтан алғашқы сабақтағыдай "менің бағам неге олай?. . . " деген сұрақтар туындамады, олар да өз деңгейлерін түсінді.
Келесі "Дара және күрделі сан есімдер" атты сабағымда "Миға шабуыл" стратегиясын оқушыларды ойлан

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: