Утешова Сауле Тулекбаевна
Алматы қаласы МКМ " ЖБОМ 127"
бірінші категориялы бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған бағдарлама сындарлы оқыту теориясына негізделген. Бұл теория оқушылардың өздігінен білім алуына, ойын дамытуға, оны өмірде қолдануына ықпал етеді.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады (нұсқаулық 12-бет). Осы бағдарламаны меңгеріп, өткізген сабақтарымда бағдарламада ұсынылған жеті модульдің ішінен "Сыни тұрғыдан ойлау" модулін таңдап алдым. Бұл модульді таңдап алу мақсатым сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы, ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге арналған шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
(нұсқаулық 48-бет).
Оқыту стратегиялары оқушы алған білімінің құрылымын жасауға ықпал етеді. Бұл оқушыларға бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыруға, өзінің шама-шарқынша ой толғау жасауға, алған білімдерін қоршаған ортамен арақатынаста көруге, өзіндік ойлауды дамытуға, іс-әрекетімен оқыту үрдісіне мағына береді. (С. Мирсеитова)
Әрбір өткізген сабақтарымда жеті модульдің ішінен сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданып оны Блум таксономиясымен ықпалдастырдым.
Сабаққа деген қызығушылығын арттыру барысында т
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>