Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

дыру мақсатында қолдандым. Бұл кезеңде мінезі тұйықтау Арайлым өзге оқушылардан тезірек қимылдап, әрі дара және күрделі түрде айтылатын сан есімдерді көбірек атады, себебі оқушының ойы өте ұшқыр, терең екендігін жауабынан байқадым. Оқушылар берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады. Ал, Сара, Аружан, Ақыл постер қорғау кезінде жоғары деңгейде баяндады. Атап айтсам, өз постерлерін "Сан есімді" күнделікті өмірмен байланыстырып, "Сочидегі олимпиаданың қай кезде басталғанын, "Наурыз көженің" құрамы неше заттан тұратынын, санға байланысты сағаттың, сызғыштың суреттері арқылы дәлелдей түсті. Олар "Еркін жазу" стратегиясы арқылы сан есімдер туралы мақал-мәтелдердің мағынасын талдап білгендерін ортаға салды, басқа оқушылар олардың жауаптарын бағалады.
1. Жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын.
2. Жеті рет өлше,бір рет кес.
3. Жүздің түсін білгенше,бірдің атын біл т. б. Оқулықтағы жаттығуларда берілген мақалдарды, тірек сөздерді негізге ала отырып, сан есімдер туралы шағын эссе жазды. Жарқынбек, Досжан, Шынар өздерінің жазуға қабілеттерінің жоғары екенін дәлелдеп берді.
"Еркін жазу", "Венн диаграммасы", "Эссе жазу", т. б. әдіс-тәсілдерді сабақтың ой толғаныс кезеңінде пайдаланған өте тиімді екенін білдім. Сабақ бойы қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерлерін, не үйренгендерін, нені әлі де білу керек екендігін, білу мақсатында өз пікірлерін қағаз бетіне түсіруді тапсырдым. Берілген тапсырманы белгілі уақыт ішінде алдымен жеке ойланып, жұппен, топпен талқылады. Уақыт аяқталған кезде оқушылар топ ішінен ең жақсы деп танылған жұмысты "ыстық орындыққа" шығып оқыды. Бұдан алған білімдерін қорытуға, сыни тұрғыдан ойлап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез - келген сабақ

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: