ірі тамаша болғандығын дәлелдеумен бірге, зейін салып тыңдамаған оқушыларға "сен сабақта дұрыс түсіне алмағансың ғой,бірақ сенің сабақты білгің келіп тұрғаны мені қуантты"-деген сөздерді жиі қолданып отырдым. Осындай ынтымақтастық болғанда ғана олар өз ойларын айтудан жасқанбайтындығына көз жеткіздім. Осыдан оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытатын сұрақтардың санын көбейту керек деген шешімге келдім. Мен оқытушы мен оқушы,оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, сыни тұрғыдан ойлауын дамытатындығын ұғындым. Осы тәжірибе кезінде аңғарғаным бұрын өздеріне сенімсіздік білдіріп, тартқыншақтап отыратын оқушыларда өз ойларын айтуға, пікір қосуға ұмтыла бастады. Мысылы Қанатбек, Елдар топтық жұмыс кезінде өздерінің суретті жақсы салатынын көрсетті, тапсырмалар орындау кезінде бұрын сөйлемейтін оқушылар өз пікірін қосып, іс-әрекеттерінде бір құлшыныс бар екендігін көрсетті.
4-сыныпта "Сан есімдер" тақырыбында өткен сабағымда оқушыларға тақырыпты ашуда ситуациядан шығу мақсатында жұмбақ жасырып,қайта бағыттау сұрақтарын қойдым. " Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді,құралына айналады"(МАН 11-бет) "Тақтадан не көріп тұрсыздар? Сөздер неге әртүрлі жазылған деп ойлайсыздар? деген сұрақтар олардың ойланып жауап беруіне түрткі болды. Нәтижесінде бірден "Бұлар сан есімдер ғой"-деп жауап берді. Ол үшін алдымен сан есімдер сөзінің мағынасын түсіндіріп, оны басқа сөз таптарымен салыстырып айтуын өтіндім. Кейін оқушылар тақырыптың мағынасын ғана түсініп қоймай, өздері де мысал да келтіре бастады.
Ал "Дара және күрделі сан есімдер"атты сабақта өткен тақырыпты пысықтау үшін он сұрақ дайындадым және оған тез және ұтымды жауап берулерін сұра
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>