жинағы құнды тағамдық қалдықтар (бас, ет кесінділері, шеміршектер және т. б. ) немесе балық кесектерінің қоспасы болып табылады.
Қабыршақты балықтарды өңдеу(бөлу)
Тұтас күйінде пайдалану үшін балықты өндеу. Балықты бұл әдіспен өндеу процесі қабыршағанынан тазалаудан, қанатшалардан, желбезегін, құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерін жару арқылы алып тастаудан, жуудан турады. Тұтас куйіндегі ұсақ балықтарды (салака, корюшка, жас шабақ), сонымен бірге ірілеулерін ( көксерке, албырт балықтар) салтанатты қонақ асын (банкеттік) дайындауға пайдаланады.
Өңдеу шикі балықты тазалауға арналған таңбалы тақтайшасында жүргізіледі. Қабыршақтан тазарту құйрықтан басына қарай жүргізіледі. Алдымен бүйір қабықшасын, сосын құйрық қабыршағын тазалайды. Тазалау орташа аспаз пышағымен (орташа түрі),үккіш тәрізді пышақпен колмен немесе механикалық қырғышпен (РО1), оның өнімділігі сағатына 50 кг шамасында іске асырылады.
Балықты көп мөлшерде ірі кәсіпорындарда арнайы қабыршақ тазалағыш машинаны пайдаланып өндейді. Арнайы барабан көмегімен ірі қабыршақты балықтарды тазалайды. Оған бірден 160 кг дейін балық салынады. Өнімділігі минутына 20-30 балық болатын қабыршақты тазалағыш машинамен ұсақ қабыршақты балықтарды (Нәлім, камбала, теңіз алабуғасы) тазалайды. Қабыршақ алдымен тазалағыш машинаның арнайы қырғышты беті бар барабанына жанасып, соғылып түсірілсе, екінші жағдайында тікенекті тез айналып тұрған, оқтау көмегімен түсіріледі. Содан соң балықтан арқа қанатшасынан бастап барлық қанатшалар қиып түсіріледі. Қанатшаларды қиып түсіру үшін балықты бүйірінен жатқызып, ет жумсағын канатша түбінен әуелі бір жағынан, сосын екінші жағынан тіледі. Түбі кесілген қанатшаны пышақпен қысып, балықты кұйрығынан ұстап бір жағына тартады. Сонда қанатша жеңіл алынады. Осы әдісті қолдану қанатша ті
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>