алықтан алады.
Уылдырық және ұрық бездері белоктарға, майларға, Д,А витаминдеріне бай. Бекіре және албырт балық тектілерінің уылдырығын балықты аулап алғаннан соң бірден алады да тұздайды және қалбырлайды. Басқа балықтардың уылдырығын балық сорпасын мөлдірлендіруге және тіскебасар дайындауға пайдаланады. Уылдырықты дайындар алдында одан жарғағын алып тастайды. Өйткені маринка, осман, қаяз балық уылдырықтары улы. Олардың уылдырықтарын асқа пайдалануға болмайды. Ұрық бездерін жуып, балық котлет массасының майлылығымен көбейту үшін қосады.
Майды балықтан бөлшектеу кезінде алады, жуады, котлет массасын дайындау кезінде соған қосады. Шеміршектерді, бекіре балықтарын өңдеу кезінде алады, жуады, жұмсарғанша пісіреді. Тілімшелерге кеседі немесе ұсақтап щауып, балық ашқылтым сорпасына, балық тартымдарына және басқа тағамдарға қосады. Арқа сіңірін құрғатылған түрінде сақтайды. Пайдаланар алдында оны ұзына бойына тіліп, ішіндегі шеміршектер тәрізді массасынан ажыратады да жуады және 3 сағ. Бойына ісіну үшін суға салып қояды. Содан соң оны сонша уақыт пісіреді, салқындатады және ұсақтап шабады. Арқа сіңірін расстегаев және кулебяка (күлше нан) үшін тартымдар қосып пайдаланады.
Страницы: << < 9 | 10 | 11