лықта фосфор, кальций, магний, темір, калий, натрий хлор, кукірт макроэлементтері, йод, мыс, мышьяк, кобальт, марганец, мырыш, қорғасын, фтор және т. б. микроэлементтері бар. Балық етінде 55-83 су болады. Балық майлы болған сайын, құрамындағы су аз болады. Балықтан көптеген тағам түрлері дайындалынады. Мысалы, балық сорпасы, паштеттер, қуырылған, пісірілген балық еттері және т. б.
Балықтан көптеген жартылай фабрикаттар дайындау көптеген балықтардың дәмін жақсартуға, балық өнімдерінің ассортиментін ұлғайтуға, тамақ пісіруге кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Балық жартылай фабрикаттарына балық сүбесі, кесектелген балық, тағамдық балық турамасы, балық котлеттері, тұшпара, кәуап, балық сорпа жинағы жатады.
Балық сүбесі- терісінен сүйектері мен қылтанақтарынан тазартылған балық еті. Оны қайнатуға, пісіруге, қуыруға дайындайды. Балықтың сүбесі балыққа тән нәрлілік пен дәмділік сапасын толық сақтайды. Балық сүбесінен неше түрлі аспаздық тағам әзірлеуте болады.
Кесектелген балық - жуылган балықты 75-500 г-нан бөлшектерге кеседі, тоңазытады немесе мұздатады. Ірі балықты алдын-ала омыртқа бойымен екіге бөледі, содан соң әр бөлікті көлденең кесектейді. Майда бөліктерді кебіне кесектемей тұтас бойы пайдаланылады. Балықты қуыру үшін өңделген балықты терісімен және сүйегімен, терісін қалдырып сүйегін алып тастайды немесе сүйексіз, терісіз бөлшектейді. Балықты басынан бастап келденең кеседі. Ұша немесе кесек беті таза, қабыршаксыз, табиғи түсті болу керек.
Тағамдық балық турамасын тоңазытылған және мұздатылған балық сүбесінен жасалады. Балық сүбесін жуып еттартқышта майдалайды. Турама дәмін жақсарту үшін және сақтауда түрақтылығын жоғарылату үшін тұз, қант, лимон қышқылды натрий, антитотықтырғыштар және ферментті препараттар қосады.
Балык сорпа
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>