п табылады. Жылулық өңдегеннен кейін балық белоктары адам организмімен жеңіл сіңіріледі. Балық майлары (0,1. . . 33)жеңіл балқитын майларға жатады, тез сіңеді, ал құрамында майда еритін А және Dвитаминдерінің болуы оның құндылығын жоғарылатады. Балықтың минералды заттары (1. . . 2) суда еріген күйінде (50. . . 80) адам организміне жақсы ықпал етеді. Минералдық қүрамына байланысты балық етін балалар және қарт адамдар тамақтануына қосуды ұсынады.
Балық құрамындағы экстрактивті заттар жылулық өңдеу барысында суға өтеді, бұл адамда асқазан сөлінің жақсы бөлінуіне және асқорытуға ықпал етеді. Балық еті- дәмділігі мен бойға сіңімділігі жағынан еттен кем емес, ал сіңімділігі жағынан одан асып түсетін ас. 100 г балықтың құндылығы 100-200 ккал құрайды. Балық етіңің құрамында белоктың мөлшері 15-26 аралығында болады. Әсіресе мұхит балықтары белоктарға бай. Балық белоғында 20 астам амин қышқылдары бар. Балық белогының 93-98-ы сіңеді. Балықта, сонымен бірге 0,1-30 май, 0,9-2 витаминдер мен минералдык заттар болады. Балык майында адам организміндегі зат алмасуына әсер ететін қанықпаған май қыщқылдары, линол, линолен және арахидон қышқылдары болады. Организмде қанықпаған май қышқылдарының болмауы атеросклероздың дамуына ықпал жасайтын холестериннің алмасуын бұзады.
Теңіз балықтарының көбінде А және В витаминдері бар. Балық майлары тез тотығады, ол балық өнімдерінің сақталуын төмендетеді. Экстрактивті заттар асқорытуды жақсартады, сорпа дәмі мен иісі күшееді. Бұзылу процесінде бүл заттардың мөлшері ұлғайып, шіріткіш бактериялар дамуына жағдай жасайды. Балық көмірсулары негізінен бұлшық ет крахмалы - гликоген түрінде және оның гидролизі өнімі (глюкоза, сүт қышқылы) түрінде болады. Балықта көмірсулар шамамен 0,5-1 болады. Минералды заттар (1-2) зат алмасуды қалыптастырады. Ба
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>