Балалардың дүниетанымын, қазақ этнопедагогикасы арқылы қалыптастыру

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

нда балалар ән айтып, би билеп өз өнерін көрсетеді.
Сәбиге ат қою. Баланың әжесіне, атасына немересінің атын қойғызады.
Бесікке бөлеу. Балаларды бесікпен және оның жабдықтарымен таныстырады. Бесікті аластауды, баланы бөлеуді балаларға көрсете отырып, баланы бесікке бөлеудің пайдасын түсіндіреді.
Бесік жырын айту. Бесік жырын айтудың мәнісі түсіндіріледі. Балалар шағын бесік жырларын жаттап, өздері айтады.
Қырқынан шығару. Халқымыздың баланы қырқынан шығару салтымен таныстырады.
Тұсау кесу. Балаларды тұсау кесу дәстүрімен де таныстырамыз. Тұсау кесуде Қаз, қаз, қаз, Қаз, қаз, балам жырларын балалар жаттап, бәрі қосылып айтуды үйренеді.
Ашамайға мінгізу (атқа мінгізу). Бұл той жаз айларында болатынын ескере отырып, атқа мінгізу тойының дәстүрі көрсетіледі.
Жеті атасын білу. Балаларға жеті атасын кімдер екенін түсіндіре отырып, жатқа айтуды үйретеді.
Сүндетке отырғызу. Баланы сүндетке отырғызу туралы ата-аналарға мағлұмат беріледі.
Тілашар тойы. Балаларды мектепке шығарып салу тойы – тілашар тойы тұрғысында өткізіледі. Барлық балабақша кызметкерлері, барлық ата-аналар, балалар қатысады. Қариялар мектеп табалдырығын аттайын деп отырған балаларға бата береді.
Тұрмыстық салт-дәстүрлер. Қазақ халқының салт-дәстүрлері халқымыздың тұрмыс тіршілігімен тығыз байланысты болып келеді. Сол себепті балаларға ата-бабаларымыздың тұрған үйі, киім киісі, өмір сүру ортасымен таныстыруда төмендегі тақырыптар ұсынылады:
Киіз үй, оның жабдықтары;
Ұлттық киім үлгілері;
Үй жиһаздары;
Ұлттық тағамдар (ет, сүт, дән тағамдары);
Әшекейлік бұйымдар;
Жауынгерлік қару-жарақтар;
Төрт түлік;
Ұлттық көлік түрлері және жол атаулары;
Ат әбзелдері.
Әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер. Әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлердің

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: