жетілдіру, тілін ширақтыру мақсатында пайдаланылады. Жаңылтпаштардың бірнеше түрлері бар: санамақ жаңылтпаштар, жұмбақ жаңылтпаштар т. б.
Балалар айтысы. мектеп жасына дейінгі балаларға көбінесе үлкендер шығарып берген айтыс үлгілері ұсынылады. Көбінде қыз бала мен ер бала арасындағы айтыс, жан-жануарлар арасында немесе жануарлар мен баланың тілдесуі сияқты айтыс үлгілері пайдаланылады.
Қазақ ертегілері. Қазақ ертегілерінен халқымыздың салт – дәстүрі, әдет –ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі анық көрініс береді және қазақ ертегілері мазмұны жағынан әсерлі, көркем образдарға, фантазияға бай болып келеді, балаларды қуанышқа бөлейді. Сонымен бірге тәрбиелік ықпалы да жоғары. Балаларға арналған қазақ халық ертегілері – баланың ойына қозғау салып, ақыл-ой қызметінің ерте оянып, ерте қалыптасуына септігін тигізеді. Тұрмыс-салт ертегілері арқылы халқымыздың тұрмыс тіршілігімен танысады. Ер Төстік, Қаңбақ шал, Хан мен уәзір, Екі жетімт. б. Хайуанаттар туралы ертегілер арқылы жан-жануарлар жайында түсініктер алады. Арыстан мен тышқан, Бес ешкі, Қойшы мен аю т. б. Қиял-ғажайып ертегілері Үш дәу, Алпамыс, Ұр тоқпақ, Алтын сақа арқылы қиялы дамиды. Күлдіргі ертегілерге Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасыр туралы аңыз әңгімелер жатады. Қазақ балалар фольклорын қолдануға ыңғайлы жағы қарастырылып, ұсынылып отыр.
II Бөлім Салт – дәстүрлер.
Балалар тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер. Сәбидің дүниеге келуін халқымыздың салт-дәстүрімен байланыстыра отырып, ойын түрінде ұйымдастыру, бала бойына ұлттық сананы қалыптастырады.
Сәби дүниеге келді. Жас нәрестенің дүниеге келуі отбасы мүшелеріне үлкен қуаныш әкелетіндігі ойын арқылы көрсетіледі. Сүйінші сұраубалаларға түсіндіріледі.
Сәбидің шілдеханасы. Жас сәбидің дүниеге келген құрметіне арнап, ойын-сауық ұйымдастырылады. Мұ
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>