Балалардың дүниетанымын, қазақ этнопедагогикасы арқылы қалыптастыру

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі. Өзіндік өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастары ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлелдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Мұндай мысалдарды халық ауыз әдебиеттерінен – көптеп кездестіруге болады. Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру ғана емес, қайта белгілі бір халықтың әлеуметтік экономикалық дамудың төменгі сатысында тұрған кезінде, жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде, өз ұрпақтарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын бірден бір тәжірибелік іс әрекет қызметін атқарған.
Ұлттық ойындар мазмұны мен түрлеріне қарай оқу – тәрбие үрдісінде үлкен қолдауға ие бола алады. Қимыл-әрекет ойындары мен спорттық ойындар дене шынықтыру сабақтарында кеңінен қолданылса, табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар мен хайуанаттар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар айнала қоршаған ортамен таныстыру, экология сабақтарында қолдануға ыңғайлы. Ал сөзбен ойналатын ойындар тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында, әуендік ойындар ән-күй сабақтарында пайдаланылады. Сондай-ақ ақыл-ой қабілетін жұмсап ойнайтын ойындар математика сабақтарында қолданыс таба алады.
Қимыл-әрекет ойындары:Орамал тастау, Айгөлек, Тұтқын алу, Тасымақ, Күзетші, Түйілген шыт, Ортаға түспек, Ақсерек, көксерек, Бөрік жасырмақ, Бұрыш, Аттамақ, Күн мен түн, Орнынды тап т. б.
Спорттық ойындар:Теңге ілу, Қыз қуу, Қазақша күрес, Тауық күрес, Қол күрес, Ат жарысы, Жаяу көкпар, Жамбы ату , Жаяу жарыс т. б.
Ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындар:Жаңылма, Байқап қал, Ұшты, ұшты, Бұғынай, Біз де, Дауысынан

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: