алатын заттар, жан-жануарлар балаларға таныс болып келеді.
Ойындық фольклор:Тәжікелесулербалалардың көңіл-күйлерін көтеру үшін, сөз өнеріне деген қызығушылығын тудыру үшін пайдаланылады. Көбінесе тәжіке- сауалдар, тәжіке-жұмбақтар жасанды диалогқа негізделген тәжікелесулер, алдамшы тәжікелесулер тіл дамыту сабақтарында, ойын кезінде қолданылады. Бала тәжікелесу арқылы әзіл, қалжынды түсінеді.
Ойынға шақыру жырлары–ойын әрекетін ұйымдастыру кезінде, балаларды екі немесе одан да көп топтарға бөлуге қолданылады. Сондай-ақ қаламақтардың құрылымы екі егіз жолдан құрылып келетіндіктен балаларды шағын топтарға бөлу кезінде қолдануға өте ыңғайлы. Қаламақта екі нәрсені (затты) тануды ұсынады. Бала өзіне таныс затты тандайды. Тәрбиеші балаларға алдын ала қаламақта қолданылатын сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Санамақтардыхалық негізінен жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады. Әр баланың қисынды ойлауы мен логикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері өте көп.
Мақал – мәтелдер-ұзақ жылдар бойы халықтың іс –тәжірибесінен түйінделген даналықтың жемісі, ұрпаққа қалдырған өсиет. Мақалдар көбінесе өлеңдік өрнекпен сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады. Мақал – мәлелдероқу тәрбие үрдісінің барлық түрлерінде жұмыс мазмұнына қарай қолданылады. Отан, ел, қоғам туралы, халық туралы, дене мүшелері адамгершілік туралы, жанұя, туыс, ата-ана туралы, өнер-білім туралы, табиғат, денсаулық туралы мақал-мәтелдер қолданылады.
Жұмбақтарқоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жөнінде балалардың таным – түсініктерін кеңейтеді. Алғашында балалар өздерінің таным түсінігіне лайықты жұмбақтарды шешсе, біртіндеп өз ойларынан жұмбақ құрастырып, өзгелерге шешуді ұсынады.
Жаңылтпаштаркөбінесе тіл дамыту сабақтарында баланың дүниетанымын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>