Балалардың дүниетанымын, қазақ этнопедагогикасы арқылы қалыптастыру

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

бүгінгі таңда маңызы ерекше. Бұл туралы балаларға айнала қоршаған ортамен таныстыруда төмендегі аталған тақырыптар бойынша мағлұматтар беріледі.
Қазақтың үш жүзі;
Қазақ халқының хандары;
Қазақтың билері;
Туыстық атаулар;
Ырымдар мен тыйым сөздер;
Бата тілектер;
Ислам тағылымы туралы;
Ұлттық мерекелер
Салт-дәстүрлер.
Сондай-ақ математика сабағындақазақтың байырғы өлшем бірліктері (саусақ, қол, аяқ өлшемдері) қолданады.
III Бөлім: Өнер
Бағдарлама бойынша осы жастағы балаларды халқымыздың ежелден келе жатқан өнер туындылары мен де таныстыра кету жөн.
Қол өнері. Бейнелеу өнері қол еңбегі сабақтарында он қолынан өнер тамған адамдарды кім? деп атайтындығын және осы ағаш шебері ұста, зергер, тоқымашы, кестеші, өрмек тоқушы, тігіншілердің еңбектерімен танысады.
Саз өнері. Ән-күй сабағында халық әндерінің би өнері мен күй өнерінің, терме жырларының, ұлттық аспаптардың шығу тарихы мен балаларды таныстыра отырып, Дәурен-ай, Құралай, Бипыл, Үкілім-ай, Бір бала, Елім-ай әндерін тындайды кейбір әндерді балалар нақышына келтіре орындауды үйренеді. Атақты күйшілеріміз Құрманғазы, Дина, Нұрқиса, Сакен, Кеңес аталарымыздың күйлерімен таныстыра отырып, күйді тындай білуге үйренеді: Балбырауын, Сарыарқа, Ата толғауы, Адай, Көңіл толқыны т. б. Сонымен қатар терме, жыр туралы түсінік беріледі. Балалар Алпамыс батыр жыры, Қобыланды жырынан үзінділер тындайды. Ұлттық аспаптармен таныстыруда үрлеп ойнайтын ұлттық аспаптарды, ұрып ойнайтын ұлттық аспаптарды, шертіп ойнайтын ұлттық аспаптардың аттарын атап, ажырата білуді үйренеді.
IV Бөлім: Ұлттық ойындар
Ойын атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: