Балалардың дүниетанымын, қазақ этнопедагогикасы арқылы қалыптастыру

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ақтау қаласының әкімдігінің «55 «Қыран» балабақшасы» мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі
БАЯНДАМА
Тақырыбы:Балалардың дүниетанымын қазақ этнопедагогикасы арқылы қалыптастыру.
Орындаған: 4 І кіші топ
Тәрбиешісі: Сундетова М. Н.
Ақтау қаласы
2018-2019 оқу жылы
Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі деп асқақ арманмен бабаларымыз бізге үлкен үміт артқан. Біз ата-баба үмітіне үкі таға отырып, болашақ ұрпақты халық қазынасымен суындату арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру бүгінгі күн талабы.
Этнопедагогика жалпы педагогиканың бір саласы. Бүгінгі таңда қазақ этнопедагогикасы үлкен жетістікке жетіп, ғылыми зерттеу объектісінің тұрақты екендігін дәлелдеді. Этнопедагогикасының әрбір саласы дүниені тану, оның пайда болуын білуге ұмтылу, адамның өмірдегі алатын орнына үңілу, табиғат пен қоғамның негізгі сырларын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау, сияқты дүниетанымның негізін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жеке тұлғаның дамуының алғашқы баспалдағы мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасатындықтан дүниетанымның негізі де осы жаста қаланады.
Бүгiнгi күнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Бiлiм туралы Занңына және Бiлiм мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес қазақстандық бiлiм беру жүйесiнiң Ұлттық үлгiсiн дамытуға жағдай жасау жөнiндегi жұмыстар жүзеге асырылуда.
Осы жастағы балалардың дүниетанымын қалыптастыруда қазақ балалар фольклорының, салт-дәстүрлердің, ұлттық өнердің, ұлттық ойындардың және ұлттық өлке табиғатымен таныстырудың маңызы ерекше.
Зерттеу жұмыстарына сүйене отырып қазақ этнопедагогикасы арқылы мектеп жасына дейiнгi балалардың дүниетанымын қалыптастыруға септiгiн тигiзетiн құнды мұраларымызды iрiктеп алып, оқу-тәрбие iсiне қолдану алға қойған мақсатымыз.
Этнопедагогика элементтерін қолдану а

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: