түсіндіру.
Ауа райын табиғат көрністері мен құбылыстары арқылы болжау. Ауа райының жақсару белгілерін, найзағай ойнаудың нышандарын, жаңбыр жауудың нышандарын т. б. ауа райының өзгеруін табиғат құбылыстары арқылы болжауға болатыны туралы мағлұмат беріледі.
Хайуанаттар әлемі. Қазақ халқының ежелден хайуанаттарды:
Үй хайуанаттары(есек, ит, мысық);
Түз хайуанаттары(аңдар және жыртқыш аңдар);
Құстар(жыл құстары, қыстап қалатын құстар, үй құстары, жыртқыш құстар) болып бөлінетінің олардың сыртқы сипаты, қоректенуі, ерекшеліктері туралы қысқаша түсінік беріледі.
Балабақшада балалар Айналамен таныстыру сабағы арқылы қоршаған орта туралы білім алумен қатар күнделікті жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарында алған білімдері толықтырылып отырады.
Әр сабақтарда берілген материалдар баланың дүниетанымын қалыптастырумен бірге тілін дамытады, көңіл – күйлерін көтереді, сабаққа деген белсенділіктерін арттырады, қоршаған орта туралы білімдерін кеңейте түседі. Сіздерге қазақ этнопедагогикасын әр сабақта қолдану үлгісін беріп отырмын.
Ж. Аймауытов сөзінен «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер».
Бүгінгі баяндаманы Абайдың сөзімен аяқтаймын: «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға».
Страницы: << < 7 | 8 | 9