рқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қатынастарын дамыту
Мақсаты: Қазақ этнопедагогикасы арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру, табиғат пен қоғамның негізгі сырларын танып білуге тәрбиелеу, ұлттық асыл мұраларымызға қызығушылыған арттыру.
Міндеттері:
Қазақ этнопедагогикасы негізінде тиімді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы тәрбиелеу, білім беру жұмыстарын жетілдіру;
Тәрбиелеу мен білім беруде материалдарды тақырыптық жүйеле үйлесімді қолдану;
Еліміздің ертеңін ойлар ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру;
Этнопедагогика бес бөлімнен тұрады. Әр бөлімде мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың кестесі беріліп, оқу-тәрбие үрдісінде сирек қолданылатын және мүлдем қолданылмайтын қазақ этнопедагогикасының материалдарын қолдану ұсынылып отыр.
I Бөлім: Қазақ балалар фольклоры.
Балалар поэзиясы:Маусымдық жырларжылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдер. Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік берген кезде қолданылады. Арнау-тілек өлеңдер көбінесе табиғат құбылыстарына негізделіп айтылады. Балалар бұл өлеңдерді жатқа айтып, аспандағы айға, бұлт арасында жасырынған күнге, бұлтқа, сіркіреп жауған жаңбырға, жәндіктердің інін көргенде т. б. арнап айтады. Көбінесе серуен кезінде қолданылады.
Сұрамақтардиалог түрде құрылып келеді, жаттауға жеңіл, көлемі шағын.
Қызықтамаларсюжеті жағынан ертегілерге ұқсас болып келеді. Балаларға қаз қалпында мазмұны түсіндіріледі. Кейіптендіруге де ыңғайлы Түйе, түйе, түйелер, Түлкі, түлкі, түлкішек
Өтірік өлеңдершындық пен өтірікті ажырата білуге көмектеседі, тілін дамытады. Осы жастағы балаларға арналған өтірік өлеңдердің құрылысы қарапайым, көбінде төрт жолдан тұратын, көбінде қара өлең үлгісі сияқты қысқа шумақтардан құрылады. Өтірік өлеңмен сипатт
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>