Алаш партиясына - 100 жыл

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ұйтқысы болды.
Партияның бекітуге даярланған жарғысы жөнінде "Қазақ" газеті былай деп жазды: "Алаш" партиясының толық шартнамасы Орынборда жасалатын болды, дайын болғанда жұртқа жария қылынады. Қазіргі шарты -- кіндік комитеттің айтқанын екі қылмайтын, бұйырғанын дәл орындайтын, "Алаш" партиясының программасын жақтырып, жөн көрген, программадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді. "Алаш" программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі осы партияға кіреді. Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейтін, "Алаш" жолынан ауып, айтысып-тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі "Алаш" партиясына кірмейді. "Алаш" партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шарттарды ойлап, толғап, жүрегі қалайтын болса ғана кіруге жөн". Партияның Орынбор қ-нда Торғай обл. к. ашылғандығы жөнінде хабарында "Қазақ" газеті "А. "п-ның ағзалық жарнасы 1 сом деп көрсетті (1917, 250).
А. п. жарияланған бағдарламасында Ресей мемл-нің демокр. , федеративтік респ. болғандығын жақтады.
Бағдарлама бойынша шашыранды қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемл-ке бірігіп, автон. негізде Ресей Федерациясының құрамына енбек. Әлеум. қатынаста феод. аристократияны шектеу, таптық жіктелу мәселесі қойылған жоқ, керісінше, жалпыұлттық мүдде, ұлттық тұтастық бағытында тұрды. А. п. ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды деп көрсетеді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. "Салық мал-ауқат, табысқа қа

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: