рай байға -- байша, кедейге -- кедейше ғаділ жолмен салынады, . . . бар жұмысшылар заң панасында болады".
Бағдарламаның антифеод. сипаты "негізгі құқық", "ғылым-білім үйрету" сияқты тарауларынан байқалады. "Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең. Жыйылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға -- еркіншілік", заң орындарының рұқсатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды т. б.
Қазақ мемлекетінде оқу орындарының есігі кімге де болса ашық және оқу ақысыз болмақ, оқу жалпыға бірдей жайылмақ. Қазақ тілінде орта мектептер, университеттер ашылады, бастауыш сыныптарда сабақ ана тілінде жүреді. Оқу ісі өз алдына автономия түрінде жүргізіледі, үкімет оқу ісіне араласпайды. Мұғалімдер мен профессорлар өзара сайлау арқылы тағайындалады.
Бағдарламадағы ең негізгі мәселе -- жер мәселесі болды. Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару тоқтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенін әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін жер сыбаға шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер сыбағасын жергілікті жер к-ттері анықтайды. Заң жерді сатуға тиым салады. Ертіс бойындағы он шақырымдағы (десятиверстная) қазақ сол жерден үлес алсын. "Атты казак бермеймін дер, біз Ертістен кетпейміз, жер алмай қоймаймыз. Жерді жолмен, Законмен аламыз. Қазақ сыбаға жерін алған соң, қалған жер мемлекет қазынасына өтіп, оларды земство билейді" ("Қазақ", 1917, 25
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>