" ("Қазақ", 1917, 234). 1917 жылғы 21-26 шілде аралығында Орынбор қ-нда өткен жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: "Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд "Шора-и исламға" сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ. . . ". Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Бөкейханов россиялық кадеттер партиясынан мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұстас келді. "Қазақ" газеті (1917, 244) өзінің бас мақаласында партияның атын "Алаш" қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауды ұсынды. Сонымен бір мезгілде "Қазақ" басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ к-ттеріне қазақ саяси партиясының атын "Алаш" қою туралы жеделхаттар жіберілді.
А. п-ның обл. ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен шамамен қазанның 12-20 аралығында партияның обл. ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал қарашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей обл. партия к-тінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, басқару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге уақыттың қолайлы жағдайдың болмауынан Орт. к-т құрылмады. 1-жалпықазақ съезі Бүкілресейлік Құрылтай жиналысында депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>