Алаш партиясына - 100 жыл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

тары орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем өзгеше еді. Қазақ кадеттерінің бағдарламасында төмендегідей талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі етіп жариялайтын Заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп келушілердің легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, ун-ттер ашу т. б. ("Фикер", 1905, 25 желтоқсан 5). 1905 ж. жазда өмірге келген Қарқаралы хұзырхатының (петициясының) да талаптары осы мазмұндас болды. Отарлық езгіге қарсы жалпыұлттық бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған қажетті алғы шарттар қалыптаса қоймаған болатын.
Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 ж. тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған "Айқап"журналы төңірегіне топтасқан зиялылар ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған қатаң әскери-отарлық тәртіппен есептесуге мәжбүр болған Бөкейханов бастаған топ мұндай әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін " Қазақ " газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне "Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін" ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: "Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары программасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса программасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: