1).
1917 жылдың соңына қарай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан "А. "п-ның жергілікті ұйымдары обл. , уездік Қазақ к-тері, ал жергілікті сауатты, патриоттық ниеттегі зиялылар партияның автиві, тірегі болды. А. п. күрделі 1917 ж. үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде ең алдымен шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл атқарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында ("Қазақ", 1917, 251) берілді. Екіншіден, партияның ұйтқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен екінші жалпықазақ съезін (1917, желтоқсан) даярлап өткізді. Осы съезде өмірге Алашорда -- Ұлттық Кеңес үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін А. п-ның мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері А. п-ның атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы Құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында А. п. ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы А. п-ның саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-қиғаш азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді. қ. Алашорда
Страницы: << < 4 | 5 | 6