Өзгеріс не үшін керек

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ген поляк педaгогтарының бір тобы баға функцияларын, бағалау критерийлерін және баға түрлерін зерттеді. Егер де осы уақытқа дейін бағаның тек үш қызметі - диaгностикалық, тәрбиелік және іріктеу белгілі болса, ендігі жағдайда баға міндеттері оқушы дамуына ықпал ету, ынталандыру және бағыттауға саяды. Қазіргі зaманғы поляк мектебінде баға төрт функция атқарады: қолдаушы, диагностикалық, қалыптастырушы және ақпараттық. көптеген жылдар бойы қолданыста болған селекциялық функция алынып тасталған. Қолдаушы функция аясында мұғалім оқушының тек жетістіктерін есепке алады және бағалауда бірыңғaй критерийлер мен ұстанымдарды қолданады. Диагностикалық қызмет оқушының "күшті" және "әлсіз" тұстарын анықтауды , оқушының даму жоспарын құруды көздейді. Қалыптастырушы қызмет педагогикалық мәдениеттің жоғарғы деңгейіне жетуді мақсат тұтады. Ақпараттық қызмет оқушы жетістік деңгейі туралы хабар бере отырып, оны ынталандыруға көп көмек береді (3). Поляк мамандардың пікірінше, баға қою тиімділігі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынасқа тәуелді. Баға оқушыға психологиялық және педагогикалық тұрғыдан өте сауатты жеткізілуі тиіс, бағадағы ақпарат оқушыға болашақта оқу бағытын анықтауға көмектесуі тиіс. Көптеген поляк ғалымдары бағалаудың диалогтық үлгісі аталған аспектісіне оқыту үдерісіне қатысушылар арасындағы қарым қатынас тәсілін жатқызады. "Бұл бағалау үлгісі оқушы субъектілігіне көңіл бөледі, баға оқушы үшін ақпарат болып табылады, тек содан соң ғана педагогикалық фактке айналады"(4) поляк педагогтары негізінен, халықаралық сараптаушылар пікірінше, баға объективизациясы жолында кедергілерді жеңді. Баға критерийлері төңірегінде пікірталасқа қарамастан, Ю. Пултужицкий барлық баға критерийлері нұсқаларын топтастырды. Бірінші критерий оқушының білім көлемі,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: