Зат есім

Страницы: <<  <  93 | 94 | 95 | 96 | 97  >  >>

уып көшір.
Қуаныш, қуанды, түзу, түзелді, дүрсілдеді, әңгіме, әңгімеледі, жинады, көкшіл, көктеді.
3-жаттығу
Мақалды оқы. Етістіктерді тап.
Жаңбырмен жер көгереді,
Алғыспен ел көгере.
4-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Керекті сөздер: пісірді, оқыды, көтерілді, жазды.
Оқушылар сабақта мазмұндама . . . . Ұшақ биікке . . . . Дариға қызық кітап . . . . Зейнептің апасы тәтті бауырсақ . . . .
5-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы. Етістіктерді дауып, теріп жаз. Етістіктерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет. Ертегі мазмұнын әңгімеле.
Ертеде Әтеш құстардың ішіндегі ең әдемісі болыпты. Ол аңдармен де дұрыс сөйлеспейді. Тек Тотықұспен сөйлеседі. Тотықұстың үстінде жақсы киімі де жоқ екен. Бір күні Тотықұс Әтешке келіп:
oo Достым, мен бүгін қонаққа баратын едім. Маған үстіндегі әдемі киіміңдеріңді бере тұршы? - деп жалыныпты.
Әтеш досының сөзіне сенеді. Үстіндегі әдемі киімдерін шешіп береді. Тотықұс қай уақытта келетінін айтады.
oo Егер де мен кешіксем, дауыстап шақыр, - дейді. Бірақ Тотықұс содан қайта оралмайды. Осы күнге дейін Әтеш киімдерін іздеп, үш мезгіл айқайлайды екен.
Сабақты қорытындылау.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ. Бағалау.
Тақырыбы: Етістік. Дара, күрделі етістік.
Мақсаты: етістік туралы алған білімдерін жетілдіру; дара, күрделі етістіктер туралы мағлұмат беру.
Алдыңғы сабақтарда етістік жайлы алған білімдері пысықталып, дара, күрделі етістік туралы жалпы мағлұмат беріледі. Дара етістіктерді күрделі етістіктермен салыстыра отырып, меңгертуге болады.
Оқушылар мектепке келді. Оқушылар мектепке барып келді.

Страницы: <<  <  93 | 94 | 95 | 96 | 97  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: