Сабақтың мақсаты: оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беру.
Сабақтың барысы:
Бекіту сабағы.
1-жаттығу.
Мәтінді түсініп оқы. Етістіктерді теріп жаз.
Құндыз өздеріне үйшіктер жасайды. Үйшіктің іші кең әрі жылы болады. Онда олар күндіз демалады. Ал түнде "ағаш дайындау" жұмысына шығады. Сөйтіп, құндыз тал не теректі кеміре бастайды. Ақыры ағаш құлайды. Сол түбірден құндыздың еңбегі байқалады.
2-жаттығу.
Жұмбақты көшіріп жаз. Етістіктерді тауып, сұрақ қой. Жұмбақты шешіп, жаттап ал.
Күні бойы тыңбайды,
Дәмді тағам жинайды.
3-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқы. Етістіктерді тауып, сұрақ қой.
Суретші.
Біздің Ержан суретші,
Көп салады суретті.
Кіп-кішкентай тайларды
Айнытпастан жасайды.
Қозы мен қойларды
Ағаштан да қашайды.
Көк аспанға салады
Көгершіннің суретін.
4-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді тауып жаз.
Керекті сөздер: құттықтады, көмектесті, шығарып салды, жазды, қатысты.
Мәди компьютермен . . . . үсен ағасын мерекемен . . . . дәурен дойбыдан жарысқа . . . . айнұр әжесін . . . . бектұр досына . . . .
Сабақты қорытындылау.
-Неліктен бұл бөліктерге "қосу" белгісін қойдыңдар? Әрқайсысың мысалдар келтіріп, ойларыңды дәлелдеңдер.
Оқушылардың етістік туралы алған білімдері пысықталады.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Тақырыбы: Етістік.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беру.
Сабақтың барысы:
Бекіту сабағы.
1-жаттығу.
Жұмбақты жатқа жаз. Етістіктерді тауып, сұрақ қой.
Құстан аумайды,
Көкте зулайды.
2-жаттығу.
Берілген сөздерден етістіктерді та
Страницы: << < 92 | 93 | 94 | 95 | 96 > >>