r/>-Осы сөйлемдерден етістіктерді табыңдар. Оларды өзара салыстыр.
Жаттығуларды орындату барысында "келді - барып келді" деген сияқты жұптарды салыстырып, оларға қойылатын сұрақ та бірдей екенін түсіндіріп, айырмашылығы тек сөз санында екеніне назарлары аударылады. Мұндай екі немесе үш сөзден құралған етістік бір қимылдық ұғымды білдіретіндігі түсіндіріледі.
1-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Екі бағандағы етістіктерді тауып, сұрақ қой. Оларды өзара салыстыр.
Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауып тұр.
Әли достарымен доп ойнады. Әли достарымен доп ойнап жүр.
Айман әжесінің әңгімесін тыңдады. Айман әжесінің әңгімесін тыңдап отыр.
Серік күйсандықта ойнады. Серік күйсандықта ойнап отыр.
2-жаттығу.
Жаңылтпаштарды оқы. Дара, күрделі етістіктерді тап.
Жатта тақпақ, Далада Дана да ойнап жүр,
Жатта тақ-тақ. Далада Сана да ойнап жүр.
Адасқан сөздер" ойыны. Шарты: күрделі етістіктер құрау.
Мұғалім үстел үстіне сөздер жазылған қима қағаздарды шашып тастайды. Оқушылар "адасқан етістіктерді" орнына қояды.
Тасып сары, жүр, жүгіріп әдемі, жазып ақ, келді, отыр.
-Бұлар етістіктің қай түріне жатады?
-Күрделі етістіктерді дара етістіктерге айналдырайық.
-Осы сөздердің ішіндегі "артық" сөздерді атаңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.
-Сары, әдемі, ақ. Қандай? деген сұраққа жауап береді.
-Осы сөздерді есімізге сақтайық. Кейінгі сабақтарда осы сөздермен жұмыс істейміз.
-Екі сабақтың соңында да оқушылардың етістік жайлы алған білімдері пысықталып отырылады. Үйге тапсырманы мұғалім өз қалауымен береді.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Тақырыбы: Етістік. Дара, күрделі етістік.
Мақсаты: етістік турал
Страницы: << < 94 | 95 | 96 | 97 | 98 > >>