Зат есім

Страницы: <<  <  95 | 96 | 97 | 98 | 99  >  >>

ы алған білімдерін жетілдіру; дара, күрделі етістіктер туралы мағлұмат беру.
Бекіту сабағы.
1-жаттығу.
Дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз. Өзің қалаған төрт етістікке сөйлем құрастырып жаз.
Ойнады, кіріп келді, алғызды, апарып тастады, көгерді, жинап алды, еркеледі, ойлап лтыр, достасты.
2-жаттығу.
Сөйлемдерді оқы. Әр сөйлемдегі етістіктерді сөзжұмбаққа дұрыс орналастырсаң, жыл мезгілінің аты шығады.
1. Айдос ауылдан келді.
2. Алыстан тау көрінді.
3. Малшылар жайлауға көшті.
4. Бек кассаға ақша төледі.
5. Мұғалім әдемі жазуға үйретті.
6. Аян інісіне көмектесті.
3-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жаз.
Керекті сөздер: ұнатады, сағынып жүр, айтамыз, көрді, шуылдайды, келіп тұрады.
Салтанатты жиындарда Әнұранымызды . . . . Астанаға шетелден қонақтар . . . . Қалың орманда ағаш жапырақтары . . . . Әсел ән айтқанды . . . . Асқар әжесін . . . . Дәурен хайуанаттар бағынан аңдарды.
Адасқан сөздер" ойыны. Шарты: күрделі етістіктер құрау.
Мұғалім үстел үстіне сөздер жазылған қима қағаздарды шашып тастайды. Оқушылар "адасқан етістіктерді" орнына қояды.
Тасып сары, жүр, жүгіріп әдемі, жазып ақ, келді, отыр.
-Бұлар етістіктің қай түріне жатады?
-Күрделі етістіктерді дара етістіктерге айналдырайық.
-Осы сөздердің ішіндегі "артық" сөздерді атаңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.
-Сары, әдемі, ақ. Қандай? деген сұраққа жауап береді.
-Осы сөздерді есімізге сақтайық. Кейінгі сабақтарда осы сөздермен жұмыс істейміз.
-Екі сабақтың соңында да оқушылардың етістік жайлы алған білімдері пысықталып отырылады. Үйге тапсырманы мұғалім өз қалауымен береді.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсы

Страницы: <<  <  95 | 96 | 97 | 98 | 99  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: