Зат есім

Страницы: <<  <  90 | 91 | 92 | 93 | 94  >  >>

оқы. Жекеше, көпше тұлғадағы зат есімдерді теріп жаз.
Қайың - сымбатты ағаш. Ол биік бойлап өседі. Оның гүлдері қарапайым сырға секілді болады. қайыңның бүршіктерінен дәрілер әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан шеберлер жеміс-жидек теретін себеттер, ыдыстар тоқиды.
2- жаттығу.
Өлеңді оқы. Зат есімдерді тауып, қай түріне жататынын анықта.
Ардақтайды ел
Жылқыны,
Қасиеті мұның көп.
Жібектей жал-құйрығы,
Төлі аталған құлын деп.

Түйе - түздің кемесі,
Мінсең, болсын
Жолыңыз.
Төлі - төлдің төресі,
Бота дейміз оны біз.
3- жаттығу.
Көп нүктенің орнына көптік жалғауын қойып, өлеңді көшіріп жаз.
Ай бетінен із кескен,
Жұлдыздармен тілдескен.
Кең әлемнің қойнынан
Құпиялы іздескен
Астроном ағамыз!
4- жаттығу.
Сөйлемдерді оқы. Көптік жалғаулы сөздерді теріп жаз.
Құрылыс заттарын тиеген жүк машиналары келе бастады. Ұзын бетон діңгектерді автокрандар орындарына қойып жатыр.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ. Бағалау.
Тақырыбы: Етістік.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға дара және күрделі етістік туралы мағлұмат беру.
Сабақтың барысы:
1) Кіріспе бөлім.
"Пресс-конференңия" дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: тақта алдына үш орындыққа етістікті зерттеп жүрген "ғалымдар" отырады. Қалған оқушылар "журналистер" болады. "Журналистер" "ғалымдарға" төмендегі үлгіде сұрақтар қояды.
-Етістік дегеніміз не?
-Етістік нені білдіреді?
-Етістіктің сұрақтарын атаңыз?
-Дара және күрделі етістік туралы не айтасыз?
"Ғалымдар" мысалдар келтіре отырып жауап берулері тиіс.
Мұғалім "жетекші ғалым" ретін

Страницы: <<  <  90 | 91 | 92 | 93 | 94  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: