мелі қима материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы:
Сурет бойынша жұмыс. Оқушыларға суреттегі заттардың санын анықтату. Олардың бір-бірінен айырмашылығын тапқызу. Осыдан кейін ереже оқушылардың қатысуымен түсіндіріледі.
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен.
Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар, өзендер.
Оқулықтағы осы сабақтарда берілген жаттығулар арқылы зат есімнің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатыны тиянақтала түседі. Көптік жалғаулары, оны сөздерге дұрыс жалғау жайлы түсінік беріледі. Сонымен қатар мәтіндерден, сөздердің ішінен зат есімнің жекеше, көпше түрін тапқыздырып, білімдері бекітіледі.
Осы сабақтарда шығармашылық, сөздік диктанттарын алуға болады.
Шығармашылық диктант
Аю, қасқыр, жолбарыс,
Арыстан мен піл, барыс
- Ойыншықтар, тұрыңдар,
Ойын-сауық құрыңдар.
Сөздік диктанты.
Қайықтар, қала, қалпақтар, қарындаштар, қасық.
Төмендегі тапсырмалар орындалады.
1. Зат есімнің жекеше түрін бір сызықпен, көпше түрін екі сызықпен сызып шық.
2. Зат есімнің жекеше түрін көпше түрге, көпше түрін жекеше түрге айналдыр.
"Көптік жалғауын дұрыс жалға" ойынын жүргізуге болады. Шарты: дұрыс жалғанбаған көптік жалғауларын тауып, қатесін түзеу.
гүлдароюдар
Оқушылардың білімін бекіту мақсатында үлестірмелі қима қағаздар таратылып, онымен жұмыс жүргізіледі.
Мұғалім үйге тапсырманы өз қалауынша береді.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Тақырыбы: Зат есімнің жекеше, көпше түрі
Сабақтың мақсаты: зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада ж
Страницы: << < 88 | 89 | 90 | 91 | 92 > >>