сазанқазан, ұшақошақ. Өзгерген дыбыстардың астын сызады, барлық сөздердің бірінші әріптерінің өзгергенін айтады. Қатар тұрған екі сөзді салыстыра отырып, бір әріптің өзгергенінен сөздердің мағынасының да өзгергенін байқап, өз беттерінше қорытынды жасаулары керек.
3-жаттығу. Өлеңнің мазмұнын талқылап алғаннан кейін қарамен жазылған сөздерді баған түрінде жазады.
Ен жасау
Ден асау
Еден сау
Неден ау
Әрбір әріп қосылған сайын немесе қысқарған сайын сөздің де мағынасының өзгергеніне назарларын аударады. Әр сөздің мағынасын түсіндіреді. Сөздің мағынасының өзгеруіне бір дыбыстың өзінің алатын орны ерекше екенін ұғынады.
4-жаттығу. Оқушылардың сөйлемді дұрыс құрастыра білу дағдыларын арттыруға арналған. Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы кейбір әріптердің қосарлы дыбыстан тұратынын еске түсіреді. Мысалы: лагерьде (8 әріп, 7 дыбыс), сарғая (6 әріп, 7 дыбыс), үюге (4 әріп, 5 дыбыс), подъезде (8 әріп, 7 дыбыс). Бұл жаттығу жазбаша орындалады.
5-жаттығу. Әріптердің орналасу ретін пысықтау үшін берілген. Сөздерді әліпби ретімен орналастыра білудің күнделікті өмірдегі қажеттілігі туралы әңгіме жүргізуге болады.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Сөздердің жуан, жіңішке айтылуын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу
Дамытушылық мақсаты: сөздердің жуан, жіңішке айтылуынынң дауысты дыбыстарға байланысты екенін ұғыну
Тәрбиелік мақсаты: олардың бір-бірінен ерекшелігін түсіне білу
Сабақтың түрі: аралас
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>