гі әр сөйлемнің не жайында хабарлап тұрғанын айтады.
4, 5-жаттығулар оқушылардың хабарлы сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтай түсуіне көмектеседі. Мазмұнына қарай мақалдың жалғасын табады және аяқталған ойды білдіріп тұрған толық сөйлемді іздейді.
Жаңа сабақты қорыту.
Оқушыларға сөйлем жөне оның түрлері туралы алған білімдерін қорытындылайтын сұрақтар қойылады.
1. Аязды күні торғайлар
2. Біздің сынып
3. Алмат сабақтан кешікпейді
4. Жексенбі күні
5. Болат күшікті үйге әкелді
6. Жалғыз аяқ жолмен
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем. (45сабақ)
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру; сұраулық мағынаны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; сұраулы сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығу.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Хабарлы сөйлемге байланысты үйге берілген жаттығудың орындалу барысы тексеріледі. Сұрақтар арқылы сабақ бекітіледі.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сұраулы сөйлемді саналы меңгерту үшін, әртүрлі сөйлемдер жазылған кестеден сұраулы сөйлемдерді тапқызып, олардың мағынасы мен тұлғасына назарларын аудару керек. Кестедегі сөйлемдерді талдай келіп, сұраулы сөйлем туралы дерек бергеннен кейін, оның мынадай өзіндік белгілері барын айту керек:
1. Сұраулы сөйлем сұраулық мағынаны береді.
2. Сұраулы сөйлемде сұраулық мағынаны білдіретін сөз көтеріңкі дауыспен айтылады.
3. Жазғанда, сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемнің негізгі белгісін арқау етіп, оған мынадай анықтама беріледі:
Біреу я бірдеме жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем жауап алу мақсаты
Страницы: << < 49 | 50 | 51 | 52 | 53 > >>