Зат есім

Страницы: <<  <  50 | 51 | 52 | 53 | 54  >  >>

нда айтылады.
Оқулықта берілген жаттығулар орындалады.
Сұраулы сөйлем бойынша алған білімдерін бекіту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1. Оқушыларға бір-біріне сұрақ қойғызып, жауап бергізу.
2. Берілген әңгімені оқу, ондағы сұраулы сөйлем мен хабарлы сөйлемдердің оқылуын аңғарту. Сұраулы сөйлемдердің қалай жасалып тұрғанын айтқызу.
3. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге, керісінше, сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдыру.
4. Тыныс белгісі қойылмай жазылған мәтіндердегі сұраулы сөйлемдердің тыныс белгісін қою, т. б.
Осы тәрізді басқа да жұмыстарды орындату арқылы оқушылардың бойына сұраулы сөйлемнен мынадай дағдылар қалыптасады: ауызекі сөзде, мәтіндерде кездесетін сұраулы сөйлемдерді таба білу; олардың интонациясын сақтай отырып, оқуға, айтуға жаттығу; тыныс белгілері қойылмай берілген сұраулы сөйлемдердің тыныс белгісін дұрыстап қою; мазмұндама, шығарма жазған кезде сұраулы сөйлемдерді дұрыс қолдана білу; ойдан сұраулы сөйлемдер құрастыра білу, т. б.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем. (46сабақ)
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру; сұраулық мағынаны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; сұраулы сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығу.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Хабарлы сөйлемге байланысты үйге берілген жаттығудың орындалу барысы тексеріледі. Сұрақтар арқылы сабақ бекітіледі.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сұраулы сөйлем жасайтын ба, бе, ма, ме, па, пе бөлек жазылады: Олар қаладан келді ме? Тапсырманы жаздың ба?
1. Сұраулы сөйлем сұраулық мағынаны береді.
2. Сұраулы сөйлемде сұраулық мағынаны білдіретін сөз көте

Страницы: <<  <  50 | 51 | 52 | 53 | 54  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: