Зат есім

Страницы: <<  <  51 | 52 | 53 | 54 | 55  >  >>

ріңкі дауыспен айтылады.
3. Жазғанда, сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.
Оқулықта берілген жаттығулар орындалады.
Сұраулы сөйлем бойынша алған білімдерін бекіту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1. Оқушыларға бір-біріне сұрақ қойғызып, жауап бергізу.
2. Берілген әңгімені оқу, ондағы сұраулы сөйлем мен хабарлы сөйлемдердің оқылуын аңғарту. Сұраулы сөйлемдердің қалай жасалып тұрғанын айтқызу.
3. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге, керісінше, сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдыру.
4. Тыныс белгісі қойылмай жазылған мәтіндердегі сұраулы сөйлемдердің тыныс белгісін қою, т. б.
1-жаттығу. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы. Сөйлемнің соңындағы тыныс белгілердің қойылуын түсіндір.
Бүгін киноға барма. Сенде қарындаш бар ма?
Ініңнің қасынан кетпе. Олар кетіп пе?
Сабаққа кешігіп келме. Бүгін досың келе ме?
2-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Сөйлем соңындағы қосымша сөздер бірге жазыла ма, бөлек жазыла ма?тиісті жерге сұрау белгісін қой.
Түскі тамаққа кешікпе. Орталыққа кеткендер келіп пе? Айтқанды түсіндің бе? Қараңғыға қалма. Күн суытты ма? Әрқашан қатарыңнан қалма. Қосымша сабаққа қалды ма?
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем. (47сабақ)
Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның көңіл күйі, қуанышы, екініші, реніші, т. б. сезімдері лепті сөйлемдер арқылы білдіретіндігін меңгерту.
Көрнекілігі: кесте, сурет.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ
1. Кіріспе әңгіме
Бастауыш сынып оқушылары үшін лепті сөйлемді меңгеру қиындық туғызуы мүмкін

Страницы: <<  <  51 | 52 | 53 | 54 | 55  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: