Зат есім

Страницы: <<  <  48 | 49 | 50 | 51 | 52  >  >>

.
Жаңа сабақты қорыту.
Сөйлемді жазудың ережелерін өздері құрастырып көреді.
1. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
2. Сөйлем сөзден құралады.
3. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
4. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.
5. Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем. (44сабақ)
Сабақтың мақсаты: хабарлы сөйлемнің айтылу мақсатымен таныстыру; сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Тақтаға сөздер жазылған карточкалар ретсіз ілініп қойылады. Оқушылар осы сөздерден сөйлем құрастырады. Оқушылардың әр сөзді сөйлем ішінде дұрыс байланыстырып, орнын дұрыс тауып қоюын бақылау. Сөйлем туралы не білетіндіктері сұрақтар арқылы анықталады.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық жұмысы 1-жаттығу арқылы жүзеге асырылады. Сурет бойынша мәтін құрастырғаннан кейін, мәтіннің неше сөйлемнен тұратынын анықтайды. Әр сөйлемнің не жайында хабарлап тұрғанын айтады. Хабарлы сөйлем туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіреді.
2-жаттығу бір нәрсе жайында хабарлай айтылған сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылатынын байқатуды көздейді. Сөйлемді дұрыс ырғақпен оқуға үйренеді. Әр сөйлемнен кейін сәл тоқтап тыныс алады. Осы екі жаттығуды орындап болғаннан кейін хабарлы сөйлем, оған қойылатын тыныс белгі туралы қорытынды ережені айтады.
3-жаттығудасөздер жазылған карточкалар берілген. Ол сөздерді қатыстырып, жеке сөйлемдер құрастырады. Содан кейін осы сөйлемдерден не жайында мәтін құрастыруға болатынын айтқызуға болады. Балалар мәтінде

Страницы: <<  <  48 | 49 | 50 | 51 | 52  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: