ымасын тексеруде үлестірмелі карточкаларды пайдалану.
ІІІ. Қайталау сабағы.
Бұл күнгі сабақтың жаттығулары оқу құралдары, оны күтіп үстау тақырыбына арналады. Жаттығу жұмыстары арқылы бірінші сыныпта өткен материалдарды қайталаумен бірге мұғалім оқушылардың оқу құралдарын күтіп ұстауы, оның білім берудегі маңызы туралы әңгіме жүргізе отырып, сабақтың тәрбиелік мәнін ашады.
Буын карточкаларымен жұмыс. Балалар буындардан сөздер құрап жаттығады. Суреттер бойынша заттардың атауын атап, ол сөздерді буынға бөледі, буын санын анықтайды. Буын санының дауысты дыбыстарға байланысты екенін естеріне түсіреді. Екі, үш, төрт буынды сөздер құрайды.
Сөздерді дұрыс тасымалдауды еске түсіру. Ол үшін оқушылар бір сөздің бірнеше тасымалдану үлгісін көрсетеді. Мысалы: оқу-шылардың, оқушы-лардың, оқушылар-дың. Жалғыз әріптен тұратын сөздердің тасымалданбайтынына назарларын аудару.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Буын, буындардың дыбыстардан құралатыны туралы оқушылар бірінші сыныпта алған білімдерін қайталауға арналған. Әр буынның неше дыбыстан тұратынын санайды.
2-жаттығу. Берілген өлеңді іштей оқып, мазмұнымен танысқаннан кейін, бірнеше оқушы өлеңді дауыстап, буынға бөліп оқиды. Буын құамымен жұмыс жүргізіледі. Бір дауысты дыбыстан ғана тұратын буындарды тауып, оның дауысты дыбыс екенін өздері анықтап айтулары тиіс.
3-жаттығу. Алдымен буындар жазылған баған мен сөздер жазылған бағанды салыстырады. Берілген буындардан сөз құрауға, берілген сөздерден сөйлем құрастыруға болатынын айтады. Буындардан сөз құрауды жарыс түрінде ұйымдастыруға болады.
4-жаттығу. Үш, төрт буынды сөздерді әртүрлі тәсілмен тасымалдап үйренуге дағдыландырады. Тасымалдауға болмайтын сөздердің неге тасымалданбайтынын дәлелдейді.
5-жаттығу. Оқушылардың өз беттерінше ор
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>