і қойып, сөйлемдерді көшірту. Жаттығу орындалғаннан кейін сурет орнына қойылған сөздердің жазылуы мен айтылуы тексеріледі.
Л, р дыбыстарының сөз басында келген жағдайдағы жазылу емлесі пысықталады.
3-жаттығу орындатылады.
-Бұл дыбыстарды қалай жаздыңдар? (Қалай естілді, солай жаздық).
"Кел, ойланайық" айдарымен берілген 4-жаттығудағы жұмбақ шешіледі. Қарамен жазылған сөздердің (лезде, іліп) жазылуы салыстырылады.
Дауыссыз н мен ң
-Енді балалар н, ң дыбыстары кездесетін бірнеше сөз ойлаңдар.
Оқушылардың келтірген мысалдарынан н, ң дыбыстары сөздің басында, ортасында келетіндігі анықталады. Оқушылардың айтқан сөздерін буынға бөлдіру. Мысалы: қаң-бақ, қо- ңыз. Кейбір оқушылар қоң-ыз деп буынға бөлуі мүмкін. Осыған байланысты оқулықтағы "Есіңде болсын" белгісімен берілген ережемен таныстыру. Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген жағдайда сөздерді буынға бөлген кезде, ң дыбысы келесі буынның басында келетіндігі түсіндіріледі. Түсінікті болу үшін бірнеше сөзді тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне тасымалдатып жазғызуға болады.
4. Терме диктант.
Тақтаға бірнеше сөздер жазылады. Оқушылар олардың ішінен ң әрпі кездесетін сөздерді ғана теріп, тасымал түрін көрсетіп жазады.
Жазылуы
леп белгісі
радио
лимон
Айтылуы
ілеп белгісі
ырадио
ылимон
Аңызық, қарындас, жаңғак, баспалдак, таңғы, кеңес, қуаныш, кеңес.
-Аңызық сөзінде ң әрпі екі дауысты дыбыстың ортасында келіп тұр? Осы сөзді ң әрпінен бастап тасымалдауға бола ма?
Бұл жерде сөздің а-ңы-зық деп буынға бөлінетіндігі, бірак а-ңызық деп тасымалдауға болмайтындығына оқушылардың көзін жеткізу керек. Бір дыбысты буын тасымалдауға келмейтіні, яғни а-ны жалғыз жолға қалдыруға болмайтындығы айтылады.
5) Сабақты қор
Страницы: << < 35 | 36 | 37 | 38 | 39 > >>