індігіне арналады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу: бойынша алдымен өлеңнің мазмұны талданады. Өлең ішінен "жу" сөзі бөлініп алынып, балалар жаймен бұл сөзді созып айтып көреді, у дың алдында қандай дыбыс естіліп тұрғанына назарларын аударады. У дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіреді, оларға дыбыстық талдау жасайды.
2-жаттығу: у дыбысы бар сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстыру арқылы - ұу, -үу дыбыстарының жазылмайтындығын қорытындылайды.
3-жаттығу: жаңа сабақ бойынша алған білімдерін бекітуге арналған.
Келесі жаттығуды орындау арқылы у дыбысынан басталатын сөздерді дұрыс буынға бөліп үйренеді.
У әріпінің жазылуының екінші сабағында ы, і әрпіне аяқталған сөздерге у әрпі жалғанғанда ы, і әріптерінің түсіп қалатынымен танысады.
Бұл ережені түсіндіру жұмысы 1-жаттығу арқылы жүзеге асырылады. Екі бағандағы сөздерді салыстыра отырып, у әрпі жалғанғанда ы, і әріптерінің түсіп қалатынын байқайды. Осы жаттығу арқылы өздері қорытынды жасайды.
2, 3, 5-жаттығулар жаңа сабақ туралы алғын білімдерін бекітуге, арналған жаттығулар.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау,у әрпінің жазылуына басланысты ережелерді оқушылар мысалдар келтіре отырып қорытындылайды, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
4-жаттығу. 22-бет.
5-жаттығу. 24-бет.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы (12,13,14сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: и және й әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға үйрету
Дамытушылық мақсаты: олардың дауысты немесе дауыссыз екенін ажырата білу
Тәрбиелік мақсаты: сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: арала
Страницы: << < 21 | 22 | 23 | 24 | 25 > >>