2-жаттығулардың ішіндегі у дыбысы бас сөздердің жуан не жіңішке естілетінін анықтай отырып, оның кейде жуан, кейде жіңішке айтылуы сөздің жуан жіңішкелігіне байланысты деген қорытындыға келеді.
4-жаттығуда берілген сөздерді көшіріп жазып, у, ұ, ү әрпі бар сөздердің жазылуын салыстырады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді. Бұл дыбыстардың қандай буында, қалай айтылып тұрғанын ажыратады.
3 - жаттығуларды оқушылар өз беттерінше орындайды.
Жаңа сабақты қорыту.
У дыбысы жуан, жіңішке айтылатын сөздерге мысалдар келтіреді. Олардың жуан, жіңішке айтылуы неге байланысты екенін дәлелдейді.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
5- жаттығу. 20-бет
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: У әрпінің жазылуы (9,10сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: у дыбысы бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру
Дамытушылық мақсаты: ы, і дыбыстарына аяқталған сөздерге у әрпі жалғанғанда ы, і әріптерінің түсіп қалатынын түсіндіру
Тәрбиелік мақсаты: сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақ материалдары бойынша сұрақтарға жауаптар алынады. Сөздік диктантын жазғызуға болады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бұл тақырыпқа бөлінген екі сағаттың біріншісі у дыбысының алдында сөздің жуан, жіңішке болуына байланысты - ұу, -үу дыбыстарының естілет
Страницы: << < 20 | 21 | 22 | 23 | 24 > >>