н кезде у дыбысын дауысты дыбыс болатынына көздерін жеткізеді.
Осындай жаттығу жұмыстарынан кейін ережені өздері қорытындылап айтады. Көздерін жеткізу арқылы өздерінің қорытынды жасауы баланың есінде жақсы сақталуына мүмкіндік туғызады.
У дыбысы бар сөздері буынға бөлуде оқушылар көп шатасады. Сондықтан 3-жаттығу сабақта мұғалімнің көмегімен талқылануы тиіс. Бұл жаттығуда берілген сөздерге у дыбысы екі буында да кездеседі: бірінші буында дауысты, екінші буында дауыссыз дыбыс. Сөздегі екі буынды дауыстарын созып айту кезінде у дыбысының әртүрлі айтылатынын байқайды. Сондай ақ әр сөздің қандай мағына беретінін түсіндіреді.
Бұл сабақтың екінші сағатында у дыбысының дауыссыз болып қай кезде айтылатынымен танысады. Жаттығуларды орындау барысында у дыбысының дауыстыдан кейін келгенде және сөздің басында дауыстыдан бұрын тұрғанда дауысты болатындығын өз беттерінше анықтай алуына мүмкіндік беріледі.
Сөздік диктант.
Үй, ұя, сұйық, суық, уылдырық, үйеңкі, уық, сұр, сүр, күлу, құрық, қулық, Ақтау, самұрық, қуырмаш, сүргі.
5-жаттығуға ерекше көңіл бөлінеді. Жуу, суу, буу, сауу, ауу, жауу сөздерінің жазылуына назарларын аударып, әр сөздің мағынасына жеке тоқталу керек. Екі уу әріптері қатар келетін осындай сөздерге мысалдар келтіріледі.
ІҮ. Жаңа сабақты қорыту
Сабақты қорытындылау кезінде у дыбысы дауысты, дауыссыз болып келетін сөздерге мысалдар келтіріледі, олардың неге дауысты немесе дауыссыз болып тұрғанын түсіндіреді. У дыбысы бар сөздері буынға бөлінеді.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: У дыбысының жуан, жіңішке айтылуы. (8сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділі
Страницы: << < 18 | 19 | 20 | 21 | 22 > >>