е дауыссыз болатынын түсіндіру
Дамытушылық мақсаты: у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: сауаттылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тіл және сөйлеу тарауы бойынша алған білімдері тексеріледі.
oo Сөйлеу тілінің түрлерін айт.
oo Қай тіл бірінші пайда болды?
oo Сөйлеу тілдері қай кезде қолданылды?
oo Жазбаша тіл қалай пайда болды?
oo Сөйлеудің адам өміріндегі маңызы қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Алдымен жаңа сабақты қабылдауға дайындық жұмысы жүргізіледі. У дыбысы бар сөздерге мысалдар келтірді. У дыбысының қай буында тұрғанын анықтайды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. У дыбысы басында тұрған сөздерге мысалдар келтіреді. Сөз ішінде айтылып тұрған у дыбысының айтылуына назарларын аударып, олардың дауысты немесе дауыссыз болып тұрғанын анықтауға талпындыру. Оқушылар у дыбысының кейде дауысты, дауыссыз болып айтылып тұрғанын байқаулары тиіс. Мұғалім осы сабақтарды у дыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс болып тұру себебімен танысатындықтарын айтады.
У дыбысының дауысты, дауыссыз дыбыс болып айтылуына берілген екі сағаттың алғашқы сабағында у дыбысының дауысты болып айтылуымен танысады. 1,2-жаттығулар жаңа сабақтың ережесін өздері қорытындылап айтуға желейді. У дыбысы бар сөздері сөйлем ішінен, өлең жолдарынан тауып, буынға бөледі, оның дауысты дыбыс болып тұғанын анықтағаннан кейін, дауысты дыбыс болғанда үнемі олардың дауыссыз дыбыстан кейін тұрғанын байқауына жағдай туғызу керек. У дыбысы сөздің басында тұрға
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 | 21 > >>