у және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Бекіту сабағы.
1-жаттығу. Сөздер мен сөйлемдерді салыстыр. Олардың айырмашылығын айт.
Сөздер: қауырсын, қалам, білім, кітап, ақылды.
Сөйлемдер: Ертеде адамдар құстың қауырсынымен жазды. Көбінесе қаздың қауырсынын пайдаланды. Кейінірек құстың қауырсынын қаламұшпен ауыстырды.
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Сөйлем дегеніміз не?
1-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемді қарамен жазылған сөзден баста.
Адамдар, ертеде, сиямен, тек, жазды, қара
Майдан, күйеден, жасады, оны, және
Бояулар, қазір, алады, сиядан
Сияның, бар, түстері, әртүрлі
Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен басталып жазылады? Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
3-жаттығу. Сөйлемдердің ара жігін ажыратып жаз. Тиісті тыныс белгісін қой.
Сен күнде қолыңа қарындаш аласың ал қарындашты қалай жасайтынын білесің бе фабрикада алдымен графит пен сазбалшықтан жіңішке өзектерін жасайды оның сыртына ағаштан жасалған "жейде" кигізеді ішіндегі өзегінің түсіне қарай "жейдесін" де сол түске бояйды міне, қарындаштар сендерге қызмет етуге дайын.
Мәтін неше сөйлемнен тұрады? Оны сен қалай анықтадың? Сөйлемнің қандай түрлері бар?
4-жаттығу. Сурет бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем құрастырып жаз.
Әр сөйлемде не туралы айтылған?
5-жаттығу. Мөтінді оқы. Сөйлемді бастап және аяқтап тұрған сөзді тап.
Қалам мен қарындаштарды сақтайтын кішкентай жәшікті адамдар ертеде ойлап тапты. Оған пенал деген атау берді. Латын тілінен аударғанда "пенна" деген сөз "қаламұш" деген ұғымды білдіреді. Қазір біз оны қаламсауыт деп атаймыз.
Мәтіннің әр сөйлемінде не туралы хабарлайды?
Страницы: << < 121 | 122 | 123 | 124 | 125 > >>