да орман іші көңілді.
5. Хайуанаттар бағында түрлі аңдар бар.
Әлемнің әр бұрышында тіршілік ететін аңдарды тек қана хайуанаттар бағынан көруге болады. Үлкен пілдер Үнді жерінен келген. Ал аң патшасы арыстанды Африка шөлдерінен әкелген. Қоңыр аюды өзіміздің биік таулардан ұстап әкелді.
Мына сөйлемді жалғастырып жаз: "Бұл - мәтін, өйткені. . . ".
2-жаттығу. Мәтін "Айжанның қамқорлығы" деп аталады. Ол мынадай сөйлеммен басталады:
Демалыс күні болатын.
Ары қарай не туралы айтуға болады? Мәтінді жалғастырып айт.
3-жаттығу. Мәтін мынадай сөйлеммен аяқталады:
Піл өзінің қылығына қатты ұялып, кешірім сұрады.
Мәтінді толықтырып айт.
Мәтіннің басталуы және аяқталуы туралы не білесің?
4-жаттығу. Мәтінді оқы. Оның үш бөлімін анықта.
Жазғы шалғын өте әдемі! Жасыл шөп баяу желмен ырғалып тұр. Қызыл-жасыл гүлдер жайқалып өскен. Мұқият қарасаң, шалғында тіршілік қызып тұр. Міне, аралар гүлден гүлге ұшып жүр. Ол өте асығыс. Күн батқанша гүлдің нәрін жинап, оны балға айналдыру керек. Ал мына құмырсқа өзінен екі есе үлкен қамысты сүйреп барады. Құмырсқалар бір сәт те тыным таппайды. Сондықтан оларды еңбекқор деп атайды.
Мәтіннің әр бөлімін абзацтан бастап көшіріп жаз.
Мәтіннің түрлерін есіңе түсір. Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері
Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйле
Страницы: << < 120 | 121 | 122 | 123 | 124 > >>