ң үсті су болды. Олар үйге қарай жүгірді. Жауын басылған соң, далаға қайта шықты. Даланың шаңы басылып қалыпты.
Үлгі: Күн бұлттанды. - Күн бұлттанды ма?
Сұраулы сөйлем жасауға қажетті ма, ме, ба, бе, па, пе қалай жазылады?
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Бекіту сабағы.
1 жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерді мағынасы жуық сөздермен алмастырып жаз.
1. Жуырда біздің үйдің қасына жаңа көрші көшіп келді. Анам ертерек кешкі ас қамына кірісті. 3. Қалада зәулім үйлер көптеп бой көтерді. Қорқақ қоян қашуға дайын тұр. 5. Атасы жас кезінде ірі денелі, батыр тұлғалы жігіт болған екен.
Керекті сөздер: үлкен, үркек, биік, алып, тамақ, жақында.
Осы сөздерді тағы қалай айтуға болады?
2-жаттығу. Берілген мөндес сөздерді мағынасына қарай топқа бөліп жаз.
Ақсақал, әдепті, сулы, тұнық, инабатты, дымқыл, қария, ізетті, таза, қарт, мөлдір, ылғалды.
Бұл сөздерді қалай топтағаныңды дәлелде. Сөздердің мағынасын түсіндір.
3-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді тауып, астын сыз.
Нәйім-нәйім, бауырсақ!
Ағын суға шомылсақ!
Жаман бала - ойынсақ!
Жақсы бала - малсақ!
Халық ауыз әдебиетінен
Ойынсақ, малсақ деген сөздердің мағынасын түсіндір.
4-
Страницы: << < 123 | 124 | 125 | 126 | 127 > >>