уралы мағлұмат беру.
Бекіту сабағы.
"Адасқан сөздер" ойыны. Шарты: күрделі етістіктер құрау.
Мұғалім үстел үстіне сөздер жазылған қима қағаздарды шашып тастайды. Оқушылар "адасқан етістіктерді" орнына қояды.
Тасып сары, жүр, жүгіріп әдемі, жазып ақ, келді, отыр.
-Бұлар етістіктің қай түріне жатады?
-Күрделі етістіктерді дара етістіктерге айналдырайық.
-Осы сөздердің ішіндегі "артық" сөздерді атаңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.
-Сары, әдемі, ақ. Қандай? деген сұраққа жауап береді.
-Осы сөздерді есімізге сақтайық. Кейінгі сабақтарда осы сөздермен жұмыс істейміз.
1-жаттығу.
Етістіктердің алдына зат есім қойып, сөйлем құрап жаз.
Үлгі: Бұлбұл тамылжыта сайрайды.
Сайрайды, өсіп тұр, ұғып алды, жылынды, себелеп тұр, тарады.
2-жаттығу.
Көп нүктенің орнына екінші бағандағы етістіктердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Әсет фломастармен суреттер . . . . шығарды
Ақын өлең . . . . салды
Оқушы есеп . . . . емдеді
Пеш үстіндегі сүт . . . . жазады
3-жаттығу
Сөйлемдерді оқы. Дара, күрделі етістіктерді екі топқа бөліп жаз.
Аспалы бесік өз екпінімен тербеліп тұр. Ернарға әжесі түбіттен қолғап тоқып берді. Қалада үлкен стадион салынып жатыр. Алыстан сылдырлай аққан бұлақ үні естіледі. Кешеден соққан жел бәсеңдеді. Берік бүгін ағасымен мұражайға барды.
4-жаттығу
Мәтінді оқы. Етістіктерді теріп жаз.
Адамдар санауды өте ертеде үйренген. Алғашында саусақтарын санайтын. Кейін он саусақ аздық етті. Енді есептеу үшін ұсақ тастар қолданылды. Адамдар әлгі тастарды жіпке тізіп қоятын. Кейін жіптің орнына таяқша қолданылды. Бұл қазіргі есепшоттың бір түрі еді.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсін
Страницы: << < 97 | 98 | 99 | 100 | 101 > >>