есетін кальций мен фосфор ағзасынын негізі болады.
Сабақты қорытындылау:
Тамақтану тәртібін қалай сақтаймыз?
Дәрумендер біздің ағзамызға не үшін қажет?
Кальций мен фосфор қандай тағамдарда кездеседі?
Вариативтік компонент
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобы
Сабақ 22
Күні: Тәрбиеші:
Сабақтың тақырыбы: "Егер қауіп - қатер болса"
Сабақтың мақсаты:Қауіпсіздік техникасы жөнінде білімдерін қалыптастыру, қауіп - қатер болған кезде бірінші медициналық көмек көрсетуге үйрету. Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, қауіпті жағдайға кез болған кезде өзін ұстай білуге үйрету. Қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыптылыққа,ептілікке,қырағылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:қауіпті жағдай туғызатын заттар мен құбылыстардың суреттері.
Әдіс-тәсілдер:көрнекілік, практикалық, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбер:
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңе біл,
Құшағы гүл толады.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты- деп, бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Өлең оқу.
Өрт пен түтін айнала, қарап тұрма жай ғана.
Тез хабар бер. . .
Уақытты сен байлама
Қандай телефон нөміріне хабарласамыз?
101-ге
Енді мына сиқырлы қорапшаға назар аударыңдар. Сиқырлы қорапшаның ішінде бірнеше заттар бар. Мен жұмбақ жасырамын, ал сендер жұмбақтың шешімін дұрыс тапсаңдар ғана, сол заттарды алуға болады. Егер шешуін тапсаңдар, онда заттар алынбай қорапшаның ішінде қалады.
Жұмбақ жасыру. Шешулері: пышақ,балға,ине,қайшы, қуыршақ,доп.
Енді мұқият қарап осы за
Страницы: << < 30 | 31 | 32 | 33 | 34 > >>