ттардың ішінде қайсысы қауіпті деп ойлайсыңдар?
Олар қандай жағдайда қауіпті болады?
Мына заттардың ішінде қайсысын сендерге ұстап пайдалануға болмайды?
Ал егерде сендер бір жерлеріңді кесіп немесе ұрып алсаңдар, ең бірінші не істеуіміз керек?
Осылайша сұрақтар қоя отырып, балаларды үйде немесе балабақшада, көшеде болуы мүмкін. Қауіпті жағдайлар туралы мағлұмат беру.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарап талпынып,
Көкке қолы созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
Қорытынды: Балалардың білімдерін бекіту.
Вариативтік компонент
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобы
Сабақ 23
Күні: Тәрбиеші:
Сабақтың тақырыбы: "Үсітіп алған кездегі бірінші кезек"
Сабақтың мақсаты:Үсіп қалған кездегі көрсетілетін бірінші медициналық көмек. Ұқыптылыққа,ептілікке қырағылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Тақырыпқа сай суреттер.
Әдіс-тәсілдер:Көрнекілік, практикалық,сұрақ-жауап.
Сабақ барысы: шаттық шеңбер:
Қуан,шаттан! Алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!
-Балалар қазір қай жыл мезгілі? - Дұрыс,қыс мезгілі.
-Қыста ауа-райы қандай болады? - Қыста жер бетін қалың қар жауып,өзен-көлдерді мұз басады. Ауа райы да суытып, біресе қатты боран болып, жел тұрады, біресе қатты аяз тұрады. Аязды күндері таза ауада жүрушектелуі керек. Өйткені,дене мүшелерін үсітіп алу қаупі бар. Ал үсіп қалған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетілу амалдарын білу керек.
Ең біріншіден үсіп қалған жерді ақырын уқалау қажет. Содан кейін үсіп қалған жерге ар
Страницы: << < 31 | 32 | 33 | 34 | 35 > >>