найы жақпа мазь немесе кремдерді жағып қою керек. Ал егер оңдай мазь қол астында болмаса,онда үсіп қалған дене мүшесін салқын суға салуға болады. Дегенмен ондай жағдайға жеткізбеу үшін сақтық шаралар ұстаған жөн.
Сергіту сәті:
Оңға,оңға түзу тұр,
Солға,солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары төмен қараймыз,
Орнымызды табамыз.
Сабақты қорыту: Балалардың білімдерін бекіту.
Вариативтік компонент
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобы
Сабақ 24
Күні: Тәрбиеші:
Сабақтың тақырыбы: "Дәрі-дәрмек туралы не білу керек"
Сабақтың мақсаты: Дәрі-дәрмектің адам өміріне пайдасы мен зияны жөнінде түсінік беру.
Көрнекіліктер: Дәрі дәрмектердің суреттері.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіңдерме, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Ал сендер бір-бірлерінді көргендеріне қуаныштысыңдарма? Өз қуаныштарыңды қалай білдіресіңдер?
Достық жолы бар жүректе,
Суымайды,сөнбейді.
Ризамын,ризамын.
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге.
Балалар,бүгін біз дәрі-дәрмектер және олардың адам денсаулығына тигізетін пайдасы мен зияны туралы әңгімелеседі. Дәрі-дәрмектер бізге не үшін керек? Адамдар оны қандай жағдайда ішеді? Балалардың жауаптарын тыңдайды.
Дәрі-дәрмектер адам денсаулығы нашарлаған кезде ол дәрі-дәрмектерді ішу арқылы ем қолданады. Бірақ дәрі-дәрмектерді көп қолдану адам денсаулығына көп зиянын да тигізеді. Дәрі-дәрмекті тек қана дәрігердің нұсқауымен ғана қолдану керек. Өйткені, сауатсыз қолданылған дәрілер адам өміріне қауіпті.
Сюжетті - рөлді ойын: "Дәрігер"
Сергіту сәті:
Қар бірінші жауды. (алақанды соғамыз)
Сул
Страницы: << < 32 | 33 | 34 | 35 | 36 > >>