Вариативный компонент

Страницы: <<  <  28 | 29 | 30 | 31 | 32  >  >>

йқалып тұрған жапырақ секілді сезінеді.
Балалар күн ережесі сәттерінің суреттерін қарап,судың жеке бастың тазалығын сақтаудағы маңызын айтады: жуыну,шынығу, т. с. с.
Сусыз ас әзірленбейді. Көкөністер мен жемістерді жемес бұрын,жақсылап жуу керек,ал ол үшін міндетті түрде су қажет.
Судың пайдасымен қатар,егер "Қауіпсіздік мектебінің" ережелерін дұрыс орындамаса,адам денсаулығына қатерлі. (Әліппе дәптердегі суретттерді қарастыр)
Балалар суға түскенде қатерден сақ болу керек,сондықтан жүзіп үйрену қажет.
"Қауіпсіздік мектебінің" ақыл-кеңестері:

Қорытынды:
Таза су-тіршілік атаулы өмірінің нәрі,табиғи құнды байлық. Суды ретсіз ысырап жасауға болмайды,үнемдеу қажет, себебі суды тазалау өте қиынға түседі әрі қымбат.







Вариативтік компонент
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобы
Сабақ 21
Күні: Тәрбиеші:
Сабақтың тақырыбы: "Адамға тамақ не үшін қажет"
Сабақтың мақсаты: "Тамақтану" түсінігінің маңызын ашу. Бала денсаулығын нығайтуда дәрумендердің рөлін көрсету. Дұрыс тамақтанудың өсіп келе жатқан ағза үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіру. Дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, плакаттар, сюжеттік суреттер, тағамдар суреттері.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңе біл,
Құшағы гүл толады.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты- деп, бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Денеміз сау және күшті болып өсуіміз үшін күн тәртібін есімізге түсірейік. Балалармен бірге күн тәртібінің үлгісін қайталау. Жеке бас гигиенасын сақтап,қолды сабындап жуып,күніне екі

Страницы: <<  <  28 | 29 | 30 | 31 | 32  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: