br/>
Вариативтік компонент
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобы
Сабақ 20
Күні: Тәрбиеші:
Сабақ тақырыбы: "Суда жүру ережелері"
Мақсаты: Балаларға судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру. Оны пайдаланудың ережелерін түсіндіру.
Жұмбақ жасырады.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң-қорын тек,
Барша тіршілік қурайды. (Су)
Тәжірибе:
1. Судың қасиеті:
а) түссіз - бояғыш қосу керек---түс пайда болады.
б) дәмсіз,иіссіз -- дәмін келтіруші қоспалар қосу керек--- дәм пайда болады.
в) тұрақты пішіні жоқ--- мұздату--- заттың бір пішінге келуі.
Сөздік қимыл ойын: "Теңіз толқиды"
Балалар ойын сөзін айтып,толқынның қимылын көрсетеді.
Педагог балаларға глобусты көрсетіп, оның планатамыздың кішкентай үлгісі екенін айту. Балаларға осы глобусты қарап, қандай түстің көп екенін сұрау. Көгілдір түспен не белгіленген? Су қайда болады?
Жер бетінде шынында да су көп, бірақ теңіздер мен мұхиттардың суы тұзды, ішуге болмайды.
Тәжірибе:
Іші суға толған екі стақан дайындап,біреуінде-тұзды су, екіншісінде-тұзсыз су. Балаларға осы сулардың дәмін татқызып көрсетіп,тұзды су ішуге жарамсыз деген қорытынды жасайды.
Көлдердің, өзендерде, арықтарда, тұзсыз су ағады, онымен бау-бақша суаруға бірақ,ішуге болмайды. Неліктен?
Біздің планетамызда су көп, бірақ тек таза, тазарған,тұзсыз суды ішуге болады.
"Қауіпсіздік мектебінің" ақыл-кеңесі:
1. Өзендерден, жылғалардан ағып жатқан суды ішуге болмайды,оларда қауіпті ауру тудыратын микробтар болады.
2. Суды үнемдеп таза сақтау керек. Оны ластауға болмайды. Таза ауасыз, сусыз адамдар өмір сүре алмайды.
Релаксация:
Балалар өздерін толқында ша
Страницы: << < 27 | 28 | 29 | 30 | 31 > >>