лай ұстау керек"
Сабақтың мақсаты: Балаларды көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Жолда, көшеде абай болуды ескерту. Құлап қалған жағдайда алғашқы көмек амалдарын көрсетуді үйрету.
Көрнекілік: тақырыпқа сай суреттер, плакаттар, сюжеттік суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, практикалық,сұрақ-жауап.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбері:
Қол алысып,қане біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарымен бір жүру.
Қандай жақсы дос болу.
"Сырғанақ" өлеңі оқылады.
Сырғанаққа мығымбыз,
Шыныққанбыз,мығымбыз.
Таумен төмен срғанап,
Біз тебеміз сырғанақ!
Балалар бірге қосылып аайтады.
Тәрбиеші балаларға тапсырма береді:
Аспанды сұр бұлт қаптап,жерді ақ ұлпа қар басты. Өзендерде мұз қатып,айнала ертегідегіндей тыныштыққа бөленді. Күннің суығына қарамастан, балалар шана коньки теуіп, қар атысып ойнап жүр. Қай жыл мезгілі туралы айтылады?
Балалар қыс қызығын өз беттерінше әңгімелейді. Балалармен жыл мезгілдерін еске түсіру. Әр жыл мезгілінің ауа-райын сюжетті суреттер арқылы суреттеу. Қыс мезгілінде айналаны қалың қар басып,өзен-көлдер мұз астында қалады. Қысқы уақытта көшеде өте абай болу керек. Өйткені көктайғақ жерлер көп кездеседі. Көктайғақ болған жағдайда көшеде абайлап жүру керек. Аяқ киімдеріміз ыңғайлы сырғанақ болмауы керек. Көшемен жүгірмей ақырын жүргеніміз абзал, әсіресе машиналар көп жүретін жерлерде аса қауіпті.
Сергіту сәті:
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
<
Страницы: << < 26 | 27 | 28 | 29 | 30 > >>