Вариативный компонент

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>

ерін қалыптастыру.
Сабақтың барысы: Адамның негізгі дене мүшесі: бас, мойын, дене, қол және аяқ. Кез-келген адам денесіндегі қозғалыс сүйектің, бұлшық еттің, буынның белгілі қызметі арқылы іске асады. (Балалар адам қаңқасының суретін қарайды)Адамның дене құрылысында сүйек ең негізгі роль атқарады. Олар негізгі тірек және ішкі ағзаларды қорғайды. Онсыз адам тұра да алмас еді. Адам денесіндегі барлық сүйектер қаңқа деп аталады. Педагог балаларға сүйектерін ұстап көруді ұсынып (қолының аяғының) , кей жағдайда сүйектің зақымданатынын айтады. Мұзда тайып, кездейсоқ құлап, кез-келген сүйекті сындырып, шығарып, ауырытып алуың мүмкін.
Баспалдақта ойнауға болмайды, себебі құласаң жарақат аласың.
Биіктен секіру қауіпті! Сүйектерің, буындарың зақымдалады.
Барлық сүйектер бір-бірімен буын және бұлшық ет арқылы байланысады. Егер адамдарда ет болмаса, арықтайтынын, тері мен сүйек қана қалатынын айтады. Бұндай адам жүре де, жүгіре де, тұра да, отыра да, алмайды, өйткені барлық қозғалысты адам буын және бұлшық еттің көмегімен орындайды. Адамдардың арасында жұмысты ұзақ істейтін мықты адамдар болады. Бұл адамдардың бұлшық еттері жақсы жетілген. Оларды төзімді дейді.
Дәрігер Салауаттың кеңестері:
Күнде таңертең жаттығу жасау және тазалық сақтау.
Бұлшық етің мықты, шыдамды болсын десең күнделікті шынықтыр.
Бұлшық етке салмақты біртіндеп түсір.
Қол және аяқтың тырнақтарын уақытында ал.
Қорытынды: Күшті, қайратты, жігерлі, мықты болу үшін дене тәрбиесімен шұғылдан.









Вариативтік компонент
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобы
Сабақ 9
Күні: Тәрбиеші:
Сабақ тақырыбы: Сезім мүшелері.
--
Мақсаты: Балаларға адам денесінің құрылысымен таныстыру. Тілд

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: